Лактулозаны қалай дұрыс қабылдау керек?

Лактулозаны көп ішкеннен кейін және оны ішуге мәжбүр болғандарды тыңдағаннан кейін, біз Сізге іш қатуды тиімдірек емдеуге көмектесетін кейбір «лайфхакитарды» жинадық

Препараттың дозасы пациенттің жеке қажеттіліктеріне байланысты таңдалады.

Лактулозаны ең жоғары дозалардан бастаған дұрыс.

Нұсқаулыққа сәйкес Сіздің жасыңызға қандай бастапқы доза дұрыс болатынын қарап, оны қабылдауды бастаңыз. Нәжіс тұрақтанып, дәретханаға тұрақты түрде бара бастасаңыз, қолдау дозасына ауысатын уақыт келді. Сондай-ақ, ол нұсқаулықта немесе дозалау кестесінде көрсетілген.

әсерді бірден күтуге болмайды

Нұсқауларға сәйкес, әсер 2-3 күнге дейін болуы мүмкін, бірақ бәрі ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты, сондықтан ол көрсетілген кезеңнен ертерек болуы мүмкін. Препарат ішекте қажетті массаны «жинақтап», нәжісті жұмсартып, оны шығаруы керек.

Тәтті дәм

Лактулозаның дәмі тәтті, сондықтан қажет болған жағдайда, оны сумен жұтуға, сумен немесе басқа сусындармен сұйылтуға болады.

Көбірек су ішуге тырысыңыз

Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау кезінде жеткілікті мөлшерде сұйықтық, күніне 1,5-2,0 л дейін немесе 6-8 стакан су ішу ұсынылады. Лактулозаның әсері оның ішекте жоғары осмостық қысым тудыратындығына, ішектің көлемін ұлғайтуына негізделген. Су тез еніп, іште қалады да, нәжістің жұмсаруына әкеледі.

Кейбіреулер үшін лактулозаны ұйықтар алдында түнде қабылдау ыңғайлы

Лактулоза пребиотик болғандықтан, оны қабылдау аясында өзіндік микрофлора белсенді түрде көбейе бастайды және тіршілік әрекетінің өнімдерін шығарады. Нәтижесінде, емдеудің алғашқы күндерінде іштің кебуінің (метеоризм) қысқа мерзімді эпизодтары туындауы мүмкін.

Әдетте, ол бірнеше күннен кейін өтеді. Алайда, түнде қабылдаған кезде симптомдар аз сезінуі мүмкін.

Тәуліктік доза

Дюфалак® препаратының тәуліктік дозасын бір рет қабылдауға немесе екі дозаға бөлуге болады. Егер препаратты бір рет қабылдау ұсынылса, онда тәуліктік дозаны бір уақытта қабылдау керек.

Емдік әсерді толық көлемде сезіну үшін ішектің қалыпты ырғағын қалпына келтіру үшін кем дегенде 1 ай бойы емдеудің толық курсын ұстанған дұрыс

БҰЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК МАҚАЛАЛАР

Егде жаста іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Балаларда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Жүкті әйелдерде іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Геморройда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Дереккөздер:
  1. Инструкция по медицинскому применению лекарственного препарата Дюфалак®
KZN2296428

Балаларда іш қату

Балаларда іш қату – уақытша құбылыс па, әлде өмірінің соңына дейін жалғаса бере ме? Бақытымызға орай, балаларда іш қату – көбінесе уақытша құбылыс болып саналады. Алайда, бұл тұрақты проблемаға айналмас үшін, кейбір нюанстарды түсініп алуыңыз керек.

Сонымен, балаларда іш қату дегеніміз не?

Бұл проблеманың белгілері дәретханаға сирек барумен ғана шектелмейді. Іш қату белгілері әртүрлі жағдайларда болуы мүмкін:

  • — соңғы 3 айда аптасына 3 реттен аз нәжіс шығару
  • қатты, құрғақ немесе түйіршікті нәжіс. Баланың нәжіспен байланысты проблемаларының бар-жоғын оңай анықтауға мүмкіндік беретін өте қарапайым және ыңғайлы Бристоль шкаласы бар

Бристоль нәжіс пішіні шкаласы

Іш қатуға тән
1 түрі
Selected Image

Жаңғақтар сияқты (әрең өтетін) жекелеген қатты түйіршіктер

2 түрі
Selected Image

Түйіршіктерден құралған шұжықша тәріздес

Қалыпты нәжіс
3 түрі
Selected Image

Жарықшақты шұжықша тәріздес

4 түрі
Selected Image

Тегіс әрі жұмсақ шұжықша тәріздес

5 түрі
Selected Image

Шеттері айқын көрінетін (оңай өтетін) жұмсақ түйіршіктер

ХІш өтуге тән
6 түрі
Selected Image

Жыртылған үлпілдек бөліктер, кеуекті нәжіс

7 түрі
Selected Image

Сулы, қатты бөліктері жоқ, толығымен сұйық

Іш қату нәжіс шығару кезіндегі ауырсыну сезімінен туындауы мүмкін, бұл болса жағымсыз дәреттен арылғысы келетін баланың өз нәжісін ерікті түрде кідіруіне әкеледі. Дәретке үйрету, күн тәртібіндегі немесе емдәмдегі өзгерістер, стресстік оқиғалар, дәретхананың болмауы немесе баланың бос уақытының мүлдем болмауына байланысты нәжісті кейінге қалдыру сияқты көптеген жағдайлар ауыр дәретке әкелуі мүмкін.

Айналшықтың ауырсынуын тудыратын ірі, қатты нәжістің өтуі баланы қорқытуы мүмкін, бұл болса кез келген дефекациядан қорқып, одан аулақ болуға деген шешімге әкеледі. Мұндай балалар дәретке барғысы келіп тұрса да, анальды сфинктері мен бөкселерінің бұлшықеттерін жиырып, нәжісті шығармауға тырысады.

Ақыр соңында, тік ішек үлкейіп бара жатқан фекальды массаның тітіркендіргішіне үйренеді және нәжіс шығаруға деген ұмтылыс жоғалады. Уақыт өте келе, осылай нәжісті шығармау жүріс-тұрысі автоматты реакцияға айналады.

Іш қатудың дамуының басқа себептеріне аурулар мен тамақтанудың бұзылуы жатады, атап айтқанда:

ImageКөкөністер мен жемістерде кездесетін жасұнықты жеткіліксіз тұтыну.

Көкөністерде (сәбіз, брокколи, жасыл бұршақ, тәтті бұрыш), жемістерде (қабығы бар алмұрт, алма, апельсиндер) және жидектерде (қарақат, қызылжидек, қарабүлдірген) жасұнық көп мөлшерде кездеседі. Жасұнық ағзаға сіңбейді, тек асқазан-ішек жолдары арқылы өтіп, нәжіске қажетті көлемді құрайды. Баланың рационындағы жасұнықтың жетіспеушілігінде – ішек арқылы өтетін заттардың қажетті мөлшері жоқ.

ImageСуды жеткіліксіз тұтыну.

Шырын, лимонад немесе нәрсу емес, таза суды тұтынған жөн. Судың мөлшері баланың жасына және салмағына, қоршаған ортаның температурасына және ылғалдылығына байланысты болады. Жазда, әрине, ыстықтау мен терлеуге байланысты су шығыны артатындықтан, қыста жазға қарағанда көбірек су ішу керек. Егер біз ішетін су жеткіліксіз болса, ағзамыз оны барлық қолжетімді көздерден, соның ішінде ішектегі нәжістен «алуға» тырысады. Сіз түсініп тұрғаныңыздай, «сусыздандырылған» нәжістің ішек арқылы өтуі қиынырақ.

ImageАурулар.

Целиакия, муковисцидоз, омыртқа жарақаттары, қант диабеті, гипотиреоидит және т.б.

ImageКейбір дәрі-дәрмектер іш қатуды тудыруы мүмкін.

құрамында алюминийі немесе кальцийі бар антацидтер, спазмолитиктер, антиконвульсанттар, темір препараттары, кейбір антидепрессанттар.

Себептерге сүйене отырып, мәселені шешуге келе аламыз.

Егер сіз баланың көкөністерді жегісі келмейтінін түсінсеңіз, оған ұнайтын көкөністерді алуға тырысыңыз. Бұл сәбіз қосылған алма, сізге ұнайтын компоненттерден құралған көкөніс рагуы болуы мүмкін, тіпті котлеттерге сәбіз, қырыққабат және кәді қосуға да болады. Бұл шырынды, дәмді және пайдалы болады!

Сізге су ішу керек, бұл ақиқат.

Егер бала су ішпесе, оны кішкене жұтымдармен және үнемі су ішуге үйрету керек. Егер ол су ішуді ұмытып кете берсе, есіне түсіріңіз. Тамақтану кезінде ішуге болатыны-болмайтыны туралы нақты ұсыныстар жоқ. Егер сіз шөлдесеңіз, су ішу керек.

Егер іш қату дәрі-дәрмектерден немесе аурулардан туындаса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Іш жүргізетін дәрілер де көмекке келуі мүмкін.

Таңдау кезінде қауіпсіздік профиліне және ұзақ уақыт қабылдау мүмкіндігіне назар аудару маңызды. Егер іш қату бір рет пайда болса, оны ішекті бірнеше рет эвакуациялау арқылы жүйелі түрде емдеу керек. Кез келген жастағы балаларға арналған таңдау препараты лактулоза болуы мүмкін.

Ол жұмсақ әсер етеді, ішектің тегіс бұлшықеттеріне ынталандырушы әсердің болмауына байланысты шаншу мен түйілуді тудырмайды. Сонымен қатар, тікелей іш жүргізетін әсерден бөлек, ішектің пайдалы микрофлорасының өсуіне ықпал етіп, оның дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Лактулоза препараттарын ұзақ уақыт қабылдауға болады, өйткені олар тәуелділік тудырмайды.

БҰЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК МАҚАЛАЛАР

Лактулозаны қалай дұрыс қабылдау керек? ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Егде жаста іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Жүкті әйелдерде іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Геморройда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Дереккөздер:
  1. Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық Дюфалак®
  2. Constipation in children. NHS.
    https://www.nhs.uk/conditions/baby/health/constipation-in-children/ кіру күні 17.07.2023
  3. Constipation in children. https://www.niddk.nih.gov/health-information/digestive-diseases/constipation-children/symptoms-causes кіру күні 17.07.2023
  4. Constipation in children. NHS.
    https://www.mayoclinic.org/diseases-conditions/constipation-in-children/symptoms-causes/syc-20354242 кіру күні 17.07.2023
  5. Tabbers, M. M., DiLorenzo, C., Berger, M. Y., Faure, C., Langendam, M. W., Nurko, S., … Benninga, M. A. (2014). Evaluation and Treatment of Functional Constipation in Infants and Children. Journal of Pediatric Gastroenterology and Nutrition, 58(2), 265–281. doi:10.1097/mpg.0000000000000266
  6. Constipation Guideline Committee of the North American Society for Pediatric Gastroenterology, Hepatology and Nutrition. Evaluation and treatment of constipation in infants and children: recommendations of the North American Society for Pediatric Gastroenterology, Hepatology and Nutrition. J Pediatr Gastroenterol Nutr. 2006;43(3):e1-e13. doi:10.1097/01.mpg.0000233159.97667.c3
  7. Остроумова О.Д., Шахова Е.Ю., Кочетков А.И. Лекарственно-индуцированный запор. Доказательная гастроэнтерология. 2020;9(1):20-31.
    https://doi.org/10.17116/dokgastro2020901120
KZN2296428

Жүкті әйелдерде іш қату

Екі жолақ, армандар мен жағымды ойларға толы болатын тоғыз ай бойы күту. Бірақ, бірнеше аптадан кейін таңертең нәжіс шықпайтын болды. Бұл уақытша ма, әлде алаңдауға тұрарлық құбылыс па?

Жүкті әйелдерде іш қату жиі кездеседі

ImageСтатистикаға сүйенсек, жүкті әйелдердің 40%-ы іш қатудан зардап шегеді.

Жүктілік гормоны болып табылатын прогестерон деңгейінің жоғарылауы моториканы төмендетіп, нәжістің ішек арқылы өту уақытын ұзартуы мүмкін.

Тамақтану әдеттерінің өзгеруі, физикалық белсенділіктің төмендеуі, қосымша дәрумен кешендерін (темір, кальций) тұтыну іш қатудың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Жүктіліктің кейінгі кезеңінде өсіп келе жатқан жатырдың тоқ ішекті механикалық қысуы ішектегі нәжістің қозғалуын қиындатуы мүмкін.

Болашақ ананың ыңғайсыздығынан бөлек, іш қату ұрықтың өсуі мен дамуына да әсер етуі мүмкін. Шамадан тыс күшену жағымсыз салдарға, тіпті түсік тастауға немесе мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін, ал босанғаннан кейінгі іш қату жараның жазылуына септігін тигізбейді.

ImageІш қатуды емдеу, әдетте, оның ауырлығы мен ұзақтығына байланысты.

Ең алдымен, тамақтануды, өмір салтын қайта қарау, жүкті әйелдер үшін қауіпсіз жаттығулар қосу және қажет болған жағдайда, іш жүргізетін дәрілерді қосу қажет. Ана мен бала үшін мүмкін болатын салдарды ескере отырып, препаратты таңдауға мұқият қарау керек.

Лактулоза

Лактулоза – бұл қанға сіңбейтін осмостық іш жүргізетін дәрі, сондықтан ол ана мен ұрыққа зиян тигізбейді.

Жұмсақ әсер етеді, шаншуды тудырмайды. Лактулозаға негізделген препараттарды қажетінше қабылдауға болады, өйткені ол тәуелділік тудырмайды. Іш қату бүкіл жүктілік бойы созылса да, дәріні ұзақ уақыт, соның ішінде босанғаннан кейін және емізу кезінде де қолдана беруге болады.

Жүкті әйелдерге арналған дозалау ерекшеліктері жоқ, 45 мл-ге дейінгі дозадан бастап, содан соң нәжісті қалыпқа келтіргеннен кейін шамамен 1 ай бойы 15-30 мл қабылдауды жалғастырыңыз. Қажет болса, қабылдауды жалғастыруға болады.

БҰЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК МАҚАЛАЛАР

Лактулозаны қалай дұрыс қабылдау керек? ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Егде жаста іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Балаларда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Геморройда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Дереккөздер:
  1. Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық Дюфалак®
  2. Constipation
    https://www.health.gov.au/resources/pregnancy-care-guidelines/part-i-common-conditions-during-pregnancy/constipation кіру күні 17.07.2023
  3. Li H, Zhang P, Xue Y. A comparison of the safety and efficacy of polyethylene glycol 4000 and lactulose for the treatment of constipation in pregnant women: a randomized controlled clinical study. Ann Palliat Med 2020;9(6):3785-3792. doi: 10.21037/apm-20-1674
  4. Magan Trottier, MSc, Aida Erebara, MD, and Pina Bozzo. Treating constipation during pregnancy. Can Fam Physician. 2012 Aug; 58(8): 836–838.
    https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3418980/
KZN2296428

Геморройда іш қату

Геморройда іш қату туралы айтпас бұрын, геморройдың не екенін қысқаша түсіндіріп өтейік. Содан кейін, геморройдың іш қатумен байланысын және геморройда іш қатуды емдеу және оны болдырмау неліктен маңызды екенін түсіну оңайырақ болады.

Геморрой дегеніміз

тік ішектің ішінде немесе айналшықтың сыртында қабынған көктамырлар, олар ауырсынуды, анальды қышуды және тік ішектен қан кетуді тудыруы мүмкін. Пайда болу себебі нақты белгісіз, бірақ ол айналшықтағы және оның айналасындағы қан тамырларында қысымның жоғарылауымен байланысты.

Геморрой унитазда ұзақ уақыт отырғанда немесе созылмалы іш қату кезінде пайда болуы мүмкін деген пікір бар. Алайда, созылмалы іш өту де түйіндердің қабынуының себебі болуы мүмкін.

Неліктен геморрой кезінде іш қатуды болдырмау маңызды?

Қатты нәжіс тік ішектің қабынған жерлеріне әсер ете отырып, ауырсынуды тудыруы мүмкін. Дәретханаға барған кезде шамадан тыс және нәтижесіз күшену ыңғайсыздық сезімін ушықтыруы мүмкін. Бұл болса геморройды қоздыруы немесе асқынтуы мүмкін.

Әдетте, іш қатудың алдын алу үшін тамақтануды қайта қарап, оған жеткілікті мөлшерде жасұнық (күніне шамамен 25 г), ішу режимін және физикалық белсенділікті қосу ұсынылады.

Егер геморрой іш қатумен бірге жүрсе, мамандар емдеу режиміне лактулоза сияқты іш жүргізетін дәрілерді қосуды ұсынады. Лактулоза ішек қабырғаларын тітіркендірмейді, тек нәжісті жұмсартады, бұл дәретханаға баруды ыңғайлы етеді. Сонымен қатар, пребиотикалық әсерге байланысты емдеу курсын кемінде 1 ай ұстанған кезде лактулоза ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді, пайдалы бактериялардың көбеюіне ықпал етеді және патогендердің санын азайтады. Суды жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытпаңыз (күніне 6-8 стакан).

Геморрой көбінесе созылмалы мәселе болғандықтан, іш жүргізетін дәрінің ұзақ мерзім бойы қабылдауға жарамды болуы маңызды. Лактулозаны ұзақтығы бойынша шектеусіз қабылдауға болады.

БҰЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК МАҚАЛАЛАР

Лактулозаны қалай дұрыс қабылдау керек? ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Егде жаста іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Балаларда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Жүкті әйелдерде іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Дереккөздер:
  1. Инструкция по медицинскому применению лекарственнного средства
  2. Enlarged hemorrhoids: How can you relieve the symptoms yourself?
    https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK279466/ дата доступа 18.07.2023
  3. Haemorrhoids (piles). NHS inform
    https://www.nhsinform.scot/illnesses-and-conditions/stomach-liver-and-gastrointestinal-tract/haemorrhoids-piles дата
    доступа 18.07.2023
  4. Hemorrhoids
    https://my.clevelandclinic.org/health/diseases/15120-hemorrhoids дата доступа 20.07.2023
KZN2296428

БҰЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК МАҚАЛАЛАР

Лактулозаны қалай дұрыс қабылдау керек? ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Егде жаста іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Балаларда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Жүкті әйелдерде іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Геморройда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Дереккөздер:
  1. Инструкция по медицинскому применению лекарственнного средства
  2. Enlarged hemorrhoids: How can you relieve the symptoms yourself?
    https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK279466/ дата доступа 18.07.2023
  3. Haemorrhoids (piles). NHS inform
    https://www.nhsinform.scot/illnesses-and-conditions/stomach-liver-and-gastrointestinal-tract/haemorrhoids-piles дата
    доступа 18.07.2023
  4. Hemorrhoids
    https://my.clevelandclinic.org/health/diseases/15120-hemorrhoids дата доступа 20.07.2023
KZN2296428