Геморройда іш қату

Геморройда іш қату туралы айтпас бұрын, геморройдың не екенін қысқаша түсіндіріп өтейік. Содан кейін, геморройдың іш қатумен байланысын және геморройда іш қатуды емдеу және оны болдырмау неліктен маңызды екенін түсіну оңайырақ болады.

Геморрой дегеніміз

тік ішектің ішінде немесе айналшықтың сыртында қабынған көктамырлар, олар ауырсынуды, анальды қышуды және тік ішектен қан кетуді тудыруы мүмкін. Пайда болу себебі нақты белгісіз, бірақ ол айналшықтағы және оның айналасындағы қан тамырларында қысымның жоғарылауымен байланысты.

Геморрой унитазда ұзақ уақыт отырғанда немесе созылмалы іш қату кезінде пайда болуы мүмкін деген пікір бар. Алайда, созылмалы іш өту де түйіндердің қабынуының себебі болуы мүмкін.

Неліктен геморрой кезінде іш қатуды болдырмау маңызды?

Қатты нәжіс тік ішектің қабынған жерлеріне әсер ете отырып, ауырсынуды тудыруы мүмкін. Дәретханаға барған кезде шамадан тыс және нәтижесіз күшену ыңғайсыздық сезімін ушықтыруы мүмкін. Бұл болса геморройды қоздыруы немесе асқынтуы мүмкін.

Әдетте, іш қатудың алдын алу үшін тамақтануды қайта қарап, оған жеткілікті мөлшерде жасұнық (күніне шамамен 25 г), ішу режимін және физикалық белсенділікті қосу ұсынылады.

Егер геморрой іш қатумен бірге жүрсе, мамандар емдеу режиміне лактулоза сияқты іш жүргізетін дәрілерді қосуды ұсынады. Лактулоза ішек қабырғаларын тітіркендірмейді, тек нәжісті жұмсартады, бұл дәретханаға баруды ыңғайлы етеді. Сонымен қатар, пребиотикалық әсерге байланысты емдеу курсын кемінде 1 ай ұстанған кезде лактулоза ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді, пайдалы бактериялардың көбеюіне ықпал етеді және патогендердің санын азайтады. Суды жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытпаңыз (күніне 6-8 стакан).

Геморрой көбінесе созылмалы мәселе болғандықтан, іш жүргізетін дәрінің ұзақ мерзім бойы қабылдауға жарамды болуы маңызды. Лактулозаны ұзақтығы бойынша шектеусіз қабылдауға болады.

БҰЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК МАҚАЛАЛАР

Лактулозаны қалай дұрыс қабылдау керек? ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Егде жаста іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Балаларда іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Жүкті әйелдерде іш қату ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Дереккөздер:
  1. Инструкция по медицинскому применению лекарственнного средства
  2. Enlarged hemorrhoids: How can you relieve the symptoms yourself?
    https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK279466/ дата доступа 18.07.2023
  3. Haemorrhoids (piles). NHS inform
    https://www.nhsinform.scot/illnesses-and-conditions/stomach-liver-and-gastrointestinal-tract/haemorrhoids-piles дата
    доступа 18.07.2023
  4. Hemorrhoids
    https://my.clevelandclinic.org/health/diseases/15120-hemorrhoids дата доступа 20.07.2023
KZN2296428